Таракан өлтіремін деп түрмеге түсті

0
1 614

Американың Алабама штатында көпқабатты үйдің тұрғыны таракан өртеп қамауға алынды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Al.com-ға сілтеме жасап.


Таракан өлтіремін деп түрмеге түсті

Американың Алабама штатында көпқабатты үйдің тұрғыны таракан өртеп қамауға алынды, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі Al.com-ға сілтеме жасап.

55 жастағы Кристофер Джозеф Рейди (Christopher Joseph Reidy) үйіндегі таракандардың көзін жоймақ болып, от қойып жіберген. Әйтсе де оның бұл әрекеті бейнебақылауға түсіп қалады. Ол өзінің оттығымен үйінің маңдайшасында жазулы тұрған әлдебір хабарландыруды жұлып алып, тұтандырып жіберген. Осылай қызыл жалын шығып, оны өрт сөндірушілер дер кезінде сөндіріп үлегереді.

Қасақана от қою жағдайы екенін байқаған өртсөндірушілер полицияға хабар берген. Полиция бейнебақылау арқылы от қоюшыны анықтайды.

Қолға түскен соң Рейди өзінің ешқандай қасақана қылмыс жасағысы келмегенін, үйіндегі таракандардан әбден зәрезап болғанын айтып ақталады.