​Тәрбиеші төгіп алған сорпадан балабақшадағы қыздың беті күйіп қалды

0
1 543

Мектепке дейінгі білім беру министрлігіндегілер осы оқиға туралы айтып берді.


​Тәрбиеші төгіп алған сорпадан балабақшадағы қыздың беті күйіп қалды
иллюстрациялық фото: oren1.ru

ERNUR.KZ. Өзбекстанда балабақша тәрбиешісі алты жасар қыздың үстіне қайнаған сорпа төгіп алды, деп жазады tengrinews.kz.

Өзбекстан мектепке дейінгі білім беру министрлігіндегілер осы оқиға туралы айтып берді. Тәрбиешінің көмекшісі тамақ тарату кезінде өзіне қарай жүгіріп келген қызды байқамай, шалынысып қыздың үстіне қайнаған сорпа төгіп алды.

Білім беру мекемесіндегі қызметшінің салғырттығынан кішкентай қыздың беті екінші және үшінші деңгейлі күйік шалған. Кейінірек балабақша басшылығы жедел жәрдемді шақырмай, аудандық білім беру мекемесіне хабарламағаны туралы белгілі болды.

Ведомстводағылар қазіргі уақытта тәрбиешінің жұмыстан босатылғанын және балабақша жұмысқа алу кезіндеге мамандарды іріктеу мәселесі қарастырылып жатқаны айтылады.