"Бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Ташкенттің Юнусабад ауданында жеке үйде бірге тұрған үш университеттің бес студенті қайтыс болды. Олар белгісіз заттан уланып қалған, деп жазады sputniknews.kz.
Бес студенттің мәйіті 27 ақпанда сағат 20:50-де табылды.
"Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, студенттер белгісіз заттан уланып қалған", - делінген ақпаратта.
Юнусабад ауданының прокуратурасы студенттердің қайтыс болу фактісі бойынша "бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу Бас прокуратураның бақылауына алынды.
Айта кетейік, 27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылды. 40 жастағы әйел және оның 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен.
Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына берілді.
Алдын ала болжам бойынша, трагедияға үй ішіндегі пеш себеп болған.