Тегерандағы ұшақ апатынан қаза болған жолаушылардың азаматтығы анықталды

0
673

Ұшақ бортында 11 украиндық азамат болған.


Тегерандағы ұшақ апатынан қаза болған жолаушылардың азаматтығы анықталды

ERNUR.KZ. Тегерандағы ұшақ апатынан қаза тапқан жолаушылардың азаматтығы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина Сыртқы істер министрлігі жариялаған алдын ала ақпары бойынша бортта 11 украиндық азамат болған. Сондай-ақ Ираннан 82, Канададан 63, Германиядан 3, Ұлыбританиядан - 3, Швециядан 10, Ауғанстаннан 4 жолаушы осы ұшаққа отырған. Жергілікті БАҚ-тың ақпарына сай канадалық жолаушылардың басым бөлігі – демалыстан кейін оқуға қайтқан студенттер. Ресей авиациясы ресейлік әуе компанияларға Иран, Ирак, Парсы және Оман шығанағы бағытын қолданбауға шақырды.