Telegram мен "Вконтакте" негізін қалаушы әлеуметтік желіден бас тартуға шақырды

0
496

Павел Дуров өмірде адамдар тым қатты мән беретін жеті нәрсе мен назардан тыс қалатын үш маңызды нәрсе туралы айтты.


Telegram мен

ERNUR.KZ. Ресейлік миллиардер Павел Дуров 10 қазанда 37 жасқа толды. Ол осы уақытқа дейін өмірден не түйгенін бөлісті, деп жазады sputnik.kz.

Адамдар аса мән бермейді

Ұйқы — иммунитетті жақсартып, шығармашылық қабілетті ашады, психикаға оң әсер етеді.

Табиғат – биологиялық ерекшелігімізге байланысты өзімізді жақсы сезінетін орта.

Жалғыздық — рухани және интеллектуалдық күш береді.

Жұрт тым қатты мән береді

Мегаполистер — ластану, қылмыс мен шу көп жер. Олардың ресурсы қолжетімді болуы маңызды, алайда үлкен қалада тұрмаған дұрыс.

Мейрамханалар — ең баяу әрі тиімсіз тамақтану тәсілі. Тамақты үйде пісіру әлдеқайда дұрыс тамақтануға мүмкіндік береді. Оның үстіне асқа қандай өнім қосылғанын білесіз.

Ыстық ауа райы. Күн қатты ыстық болғанда адам тез шаршайды. Қатерлі ісікке шалдығу қаупі де бар, қартаю процесі жылдамдайды. Ал салқын температура дене мен сананы нығайтады.

Сән. Жылдам өзгеретін тенденцияға сай болуға деген ұмтылыс, қымбат және пайдасыз. Ыңғайлы киімге көшу өмірді жеңілдетеді, әлдеқайда маңызды заттарға орын босайды.

Мүлік. Күмәнді инвестиция әрі таңдауды шектейді. Пәтерді жалға алу барынша еркіндік ұсынады, мейлінше, көп жер көруге жол ашады.

Әлеуметтік желілер. Қажет емес ақпараттың толассыз көлемі бақыт пен креативтілікке кері әсерін тигізеді. Мұндай интернет-сервистерден бас тартқан дұрыс.

Танымал адамдардың кеңесі. Белгілі тұлғалар көп уақытта еш нәрсеге негізделмеген кеңес береді. Өмірдегі барлық жағдайда ғылыми ақпарат пен сарапшылар пікіріне құлақ асқан жөн.