Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам қаза тапты

0
260

Пәкістанның солтүстігінде қалыңдық пен қонақтар мінген той автобусы өзенге құлап, батып кеткен.


Тойға барамыз деп автобусқа мінген 22 адам қаза тапты

Фото: armenia.news

ERNUR.KZ. Оқиға салдарынан көлікте отырған жолаушылар түгелдей мерт болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сейсенбіде Гилгит-Балтистандағы Диамер ауданында 22 адам мінген автобус өзенге құлап, суға батып кетті... Көлік той кортежінің бір бөлігі еді", – деп хабарлады Dawn TV.

Автобус мінген жолаушылар арасында жалғыз келіншек аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Журналистер ақпаратына сенсек, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари қаза болғандардың туыстарына көңіл айтқан.