Кемеров облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев "Зимняя вишня" сауда орталығында болған қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері. "Осы қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамның жазаланатынын мәлімдеймін. Осы жағдайға тап болған адамдардан кешірім сұраймын. Олардың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын", - деді Цивилев митингте.