Нью-Йорк Таймс газетінің хабарлауынша, ауызашар сәрсенбі күні беріледі. Ақ үй қазірше ауызашарға шақырылған меймандардың тізіміне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандардың қасиетті Рамазан айына орай 5 маусымда Ақ үйде ауызашар беруді ұйымдастыруда, деп хабарлайдыZakon.kz американдық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Нью-Йорк Таймс газетінің хабарлауынша, ауызашар сәрсенбі күні беріледі. Ақ үй қазірше ауызашарға шақырылған меймандардың тізіміне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Өткен жылғы Рамазан айы АҚШ мұсылмандары үшін жаңа президент Дональд Трамптың Ақ үйде дәстүрлі ауызашар ұйымдастырмағанымен есте қалған болатын.
Ислам әлемінде АҚШ президентін Америка Құрама Штаттарындағы исламофобияға қатысы болғаны үшін, мұсылмандарға қарсы бағытта иммиграциялық заң қабылдағаны үшін, сондай-ақ, Ираильдегі АҚШ елшілігінің Иерусалимге көшуіне қатысты сынға алынған.