Танымал әншінің өткен жылдың қыркүйек айында ютуб каналына жариялаған видеосы дауға ұласты.
ERNUR.KZ. Әнші Зейнеп Бастыққа бейнебаяны арқылы алкогольді ішімдік жарнамалағаны үшін 155 мың лира (3,5 миллион теңге) айыппұл салынды, деп жазады Inbusiness.kz.
Танымал әншінің өткен жылдың қыркүйек айында ютуб каналына жариялаған видеосы дауға ұласты. Бейнебаянда алкогольді ішімдік жарнамалады деген Зейнеп Бастыққа 3,5 миллион теңге айыппұл салынды. 10 миллион қаралым жинаған әншінің бейнебаяны эфирден алынып тасталды. Әзірге Зейнеп Бастық бұл тақырыпқа қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, әнші омыртқасын сындырып алып, бірнеше апта сахнаға шыға алмаған.