Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жеткен

0
677

Алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болған.


Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жеткен

ERNUR.KZ. Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу елдің оңтүстік-шығысындағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жақындағанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрбан болғандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4267-сі - Сирия азаматтары", - деді түрік министрі.

Ол алғашқы жер сілкінісінен бері 13 мыңнан аса қайталама дүмпу болғанын айтты.

Министрдің сөзінше, 26 300 ғимарат опырылған, бұл ғимараттардың барлығында дерлік іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. 45 мыңнан аса адам осы апаттың құрбаны болды.