Түркияда бүгінгі жер сілкінісінен бірнеше ғимарат құлады

0
695

Малатияның Ешилюрт ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болды.


Түркияда бүгінгі жер сілкінісінен бірнеше ғимарат құлады

ERNUR.KZ. Малатия провинциясының Ешилюрт қаласында Астана уақытымен сағат 15:04-те магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Таңертең Адыяман қаласында да магнитудасы 5-ті көрсеткен жерасты дүмпуі тірелді, деп жазады zakon.kz.

Түркия апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің мәлімдемесіне сүйенсек, Малатияның Ешилюрт ауданында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі 7 шақырым тереңдікте болды.

Малатиядан бөлек жер сілкінісі көршілес Кахраманмараш, Газиантеп, Адыяман және Шанлыурфа сияқты провинцияларда сезілген.

Зақымдалған ғимараттардың біразы қирады. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

"Әзірге зардап шеккендер жоқ, бірақ кейбір ғимарат құлағаны туралы хабар бар. Мен де осы аудандамын. Біз мұны қатты сезіндік. Бұл орталыққа жақын болғанның әсері. Адамдарға қатты бүлінген ғимараттарға кірмеуді ескерттік".Ешилюрт қаласының әкімі Мехмет Чинар

Іздестіру-құтқару жасақтары жер сілікінісі болған аймаққа жетіп, жұмысқа кірісіп кетті.