Түркияда қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 564 адам ұсталды

0
664

71 күдіктіні тұтқындауға және 61 адамды ұстауға ордер берілді.


Түркияда қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 564 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Түркияда жел сілкінісінен қираған тұрғын үйлер құрылысына қатысты қылмыстық іс бойынша 160 адам ұсталды, деп жазады stan.kz.

Жойқын жер сілкінісі болған провинциялардың прокуратуралары қираған нысандардың құрылысына қатысы бар деген күдікпен 6 ақпаннан бері 564 адамды ұстады. Кейіннен ұсталғандардың 160-ы қамауға алынды, 175 күдіктіге қатысты сот бақылауы тағайындалды.

Сонымен қатар, 71 күдіктіні тұтқындауға және 61 адамды ұстауға ордер берілді.

Бұдан бөлек, прокуратура апат аймағындағы ұрлық фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан түрік елінде қаза болғандар саны 42,3 мыңнан асты.