Түркияда орман өртіне байланысты ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр

0
570

Сақтық үшін 211 тұрғыны бар Кемел ауылы қауіпсіз жерге көшірілген.


Түркияда орман өртіне байланысты ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Чанаккаледе өрт сөндірушілер желмен бірге тараған орман өртін бақылауға алуға тырысып жатыр, деп жазады baq.kz.

Жалынды ауыздықтауға 6 ұшақ, 15 тікұшақ, 109 су бүріккіш, 14 ауыр техника және 543 адам жұмылдырылған.

Губернатор Илхами Акташ Анадолы агенттігіне күшті желден өрттің қарқын алғанын және күрес жалғасатынын айтты.

Сақтық үшін 211 тұрғыны бар Кемел ауылы қауіпсіз жерге көшірілген.

От маңындағы ауылдар дайындық режимінде тұр. Қажет болса, оларды да эвакуациялаймыз. Сақтық шарасы ретінде бір ауылдың адамдарын көшірдік. Басқаларымен де жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Ішкі істер министрінің орынбасары Мүнир Каралоғлу мен Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрінің орынбасары Вейсел Тиряки аймаққа келіп, Чанаккале губернаторы Илхами Акташпен бірге жұмыстың басы-қасында жүр.

Аймақ әкімшілігі де Kızılkeçili, Yukarı Okçular, Musaköy, Özbek және Kemel ауылдары төңірегінде жайылған орман өрті желдің әсерінен одан сайын күшейгенін және сөндіру жұмысы әуеден және жерден жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Kemel, Kayadere, Işıklar, Dörtyol, Kurşunlu, Mareşal Fevzi Çakmak ауылдарында тұратын азаматтарымыз өмір қауіпсіздігі үшін тез арада үйлерін тастап, эвакуациялануы керек. Олар әкімдік бөлген уақытша баспанаға орналасады. 112 және UMKE медицина қызметкерлері ауылдарда жедел жәрдем көрсетуді жалғастырып жатыр,- дейді ведомство өкілдері.