Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

0
753

Зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған.


Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады stan.kz.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмология орталығының хабарлауынша, зілзала ошағы 4 шақырым тереңдікте болған. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимарат қирады.