Түркияда тағы жер сілкініп, бір адам қаза тапты

0
604

Малатия қаласында үйінді астынан 32 адам құтқарылды.


Түркияда тағы жер сілкініп, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Дүйсенбі, яғни 27 ақпанда Түркияның Малатья провинциясында 5,6 балдық жер сілкінісі болып, 32 адам құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаментінің (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәліметінше, зілзала салдарынан 29 тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты, сондай-ақ 110 адам зардап шекті.

Қазіргі кезде екі үйдің қирандыларының астынан құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 657 адам жұмылдырылған.

Сезер азаматтарға зақымдалған үйлерден алыс болу керек екенін ескертті.

«Апат аймағында тұратын барлық азаматтың ұялы телефонына тиісті SMS-хабарлама жіберілді. Жерасты дүмпулері әлі де тіркеліп жатыр, зақымдалған үйлер құлауы мүмкін», - деп ескертті ол.