Түркияда тағы жер сілкінісі болды

0
754

Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады.


Түркияда тағы жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.