Қазіргі кезде бес баланың жағдайы ауыр.
ERNUR.KZ. Түркияда Османжық қаласындағы жатақханада жүзден астам оқушы газдан уланып қалды, деп хабарлады «Хабар 24».
Қазіргі кезде бес баланың жағдайы ауыр.
«Омер Дериндер лицейінің қыздар жатақханасында таңғы сағат 5:40-та газдан жүз үш оқушы уланған», - делінген хабарламада.
Оқушылар ауруханада жатыр. Олардың бесеуі жансақтау бөлімінде. Оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде.