Оның ішінде бала да бар.
ERNUR.KZ. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 12 тәулік өткен соң үш адам құтқарылды. Оның ішінде бала да бар, деп жазады zakon.kz.
Қырғызстандық құтқарушылары бар іздестіру-құтқару жасақтары жүргізген қарқынды тексеру нәтижесінде үйінді астында тірі үш адамның жатқаны анықталды.
Құтқару жасақтары аман қалған баланың, әйел мен ер адамның аты-жөнін әлі анықтамаған.
Зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.