Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы бір жер сілкінісі болды

0
647

Түркияда 4,7 балдық жер сілкінісі болды.


Түркияның Кахраманмараш провинциясында тағы бір жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Жерасты дүмпулері 24 наурыз күні сағат 03:39-да Кахраманмараш провинциясының Гөксун ауданында болды. Жер сілкінісінің ошағы 7,34 шақырым тереңдікте болды, деп жазады inbusiness.kz.

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 баллды құрады. Құрбандар мен қираулар туралы ресми мәлімет жоқ.

23 наурызда түнде Қазақстанның оңтүстік қалаларының тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулерін Шымкент, Тараз және Түркістан облысының тұрғындары сезді. Бір күн бұрын тербеліс Шымкент пен Тараз тұрғындарын шошытты.