​Үндістан Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

0
1 229

3 тамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі.


​Үндістан Сыртқы істер министрі Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж ханым 2018 жылғы 2-3 тамызда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сапар барысында Сушма Сварадж ханым ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен екіжақты кездесу өткізеді. 2 тамызда Үндістанның Сыртқы істер министрі Үнді қауымдастығымен жүздесіп, 3 тамызда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездеседі.

Үндістан мен Қазақстанның қарым-қатынастары сан ғасырлық тарихи және мәдени байланыстарға негізделеді. Үндістан мен Қазақстан екіжақты және көп жақты қарым-қатынастың әрбір саласында жан-жақты ынтымақтастықты арттырып, 2009 жылдан бастап стратегиялық серіктестер болып табылады.

Бұл сапар Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі арттыру мүмкіншілігін береді.