Ел коронавирусты жұқтырғандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.
ERNUR.KZ. Үндістанда соңғы бір тәулікте 15 мың 900-дан астам адам вирус жұқтырды. Жалпы елде науқастар саны 461 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Хабар24.
Науқастардың үштен бір бөлігі Махараштра штатынының тұрғыны. Сондай-ақ Нью-Дели және Тамилнад штатында да эпидемиологиялық ахуал мәз емес.
Жергілікті билік өкілдерінің болжауынша, тек Нью-Делидің өзінде шілде айының соңында науқастар саны 550 мыңнан асып кетуі мүмкін.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Үндістан коронавирусты жұқтырғандардың саны бойынша әлемде төртінші орында тұр.