Табиғат апатына байланысты аймақта барлық мектептер жабылған.
ERNUR.KZ. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы 4 күнде толассыз жауған жауыннан лай көшкіні жиілеп, 73 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көптеген елді мекенді су басқан. Тас және темір жолдар бүлініп, қатынас үзілген. Табиғат апатына байланысты аймақта барлық мектептер жабылған. Уттаракханд, Раджастан және Бихар штатында да осындай жағдай тіркелген. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Айта кетейік, Үндістанда маусым айынан бері толассыз жауын жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында жүздеген тұрғын көз жұмып, мыңдаған адам баспанасынан айырылған.