Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған.
ERNUR.KZ. Пермь өлкесіндегі Ресейдің тергеу комитеті басқармасын басқарған полковник Сергей Сарапульцев өзінің үйінде өлі күйінде табылды, деп жазады Stan.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Басылымның мәліметінше, 23 қыркүйек күні ҰҚК аймақтық бөлімшесінде Пермь мемлекеттік университетіндегі қарулы шабуыл туралы қылмыстық істі тергеу бойынша жиналыс өткенін атап өтті.
Айта кетсек, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды. Кейбір деректерге сенсек, қаскөй жансақтау бөлімінде жатыр.