Ұшқыш есінен танып қалған: Жолаушы ұшақты жалғыз өзі қондырды

0
612

Ведомство мәлімдемесінде екі жолаушы бір моторлы Cessna бортында болғандығы айтылған.


Ұшқыш есінен танып қалған: Жолаушы ұшақты жалғыз өзі қондырды

ERNUR.KZ. АҚШ-та ұшқыш есінен танып қалғаннан кейін жолаушы ұшақты жалғыз өзі қондырған, деп жазады Stan.kz.

АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы Флоридадағы Багам аралдарындағы халықаралық әуежайдан келе жатқан Cessna ұшағында болған іске қатысты тергеу жүргізуде.

Ведомство мәлімдемесінде екі жолаушы бір моторлы Cessna бортында болғандығы айтылған. Межелі жерден солтүстікке қарай 112 шақырым болған кезде ұшқыш есінен танып қалды. Содан кейін жолаушы жағдай туралы дереу әуе диспетчеріне хабарлап, ал ол жолаушыға ұшақты қондыруы туралы нұсқау бере бастаған.

“Өте қиын жағдаймен бетпе-бет келдім. Менің ұшқышым есінен танып қалды, ал мен ұшақты қалай басқаруды керектігін білмеймін", – деді жолаушы.

Әуе диспетчері Роберт Морган жолаушыға ұшақтың тұрақтылығын қалай сақтауға және төменге түсуге нұсқау берген.

"Ұшақ қанаттарын бір деңгейде ұстауға тырысыңыз және төмендей аласыз ба, байқаңыз", – деді диспетчер БАҚ-та таралған аудиода.

Нәтижесінде әуе кемесі Флоридадағы Палм-Бич халықаралық әуежайына аман-есен қонды. Ал есін жоғалтқан ұшқыш ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасының өкілі бұл оқиғаны тексеріп жатқанын растап, командирдің денсаулығы нашарлағанын, бірақ нақты не болғанын хабарламаған.