7 мамыр күні Владимир Путин Кремльде ант қабылдап, ресми түрде Ресей федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
7 мамыр күні Владимир Путин Кремльде ант қабылдап, ресми түрде Ресей федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап. Оның президенттік өкілеттілігі 2024 жылдың 7 мамырына дейін жалғасады.
Ант берген сәтте Путин "халыққа қызмет ететінін және олардың өмірін жақсартуға барын салатынын" айтты. Путин өз сөзінде "қазіргі ресейлік жастар ата-аналарынан да жақсы өмір сүру керек" деді.
Бүгін ол Мемлекеттік думаға жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады.
Путин 18 наурызда өткен президент сайлауында 76 пайыз дауыс жинап, президент болып сайланған. Сайлауда жеңіске жеткен Путин алты жылдан кейін президенттікке қайта түспейтінін айтқан.