Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік-батыста қоңыржай қар, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста негізінен жауын-шашынсыз, орталық бөліктің елді мекендерінде кей жерлерде аязды тұман болады.
ERNUR.KZ. Оймяконда -59 градус тіркелді, тоғыз пунктте -45-тен төмен аяз болды, деп жазады inbusiness.kz.
Суық полюстер - Жер шарының температурасы ең төмен аймақтар. Якутияда мұндай аймақтарға Оймякон мен Верхоянск жатады.
Метеобақылау картасында Оймяконда дүйсенбіде -59 градус болады деп болжануда.
"Ауаның температурасы түнгі уақытта орталығы мен батысында -37...-42 градус, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында -54...-59 градус, оңтүстігінде -26...-36, оңтүстік-батысында -21...-26, күндіз -35 -40..., солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында -45...-50, оңтүстігінде -23...-28, оңтүстік-батысында кей жерлерде -11...-16. Якутск қаласында -38 градус", - делінген хабарламада.