Жапон компаниясының Айға алғашқы сапары сәтсіз аяқталды

0
637

Токиода орналасқан iSpace компаниясы қондырғыш модульдің Айға зерттеу үшін жол талғамайтын көлік, сондай-ақ көлемі теннис добындай барлау роботын қондырмақ болған.


Жапон компаниясының Айға алғашқы сапары сәтсіз аяқталды

ERNUR.KZ. Жапондық iSpace компаниясы Айға ұшуы сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол барлау роботын Айға сәтті қондырған алғашқы жекеменшік компания болатынына үміттенген еді.

Токиода орналасқан iSpace компаниясы қондырғыш модульдің Айға зерттеу үшін жол талғамайтын көлік, сондай-ақ көлемі теннис добындай барлау роботын қондырмақ болған.

Алайда жапондық Hakuto-R модулімен байланыс ол Айға қонуға бірнеше минут қалғанда үзілген.

«Байланыс үзілді, сондықтан біз Ай бетіне қона алмадық деп шамалауға мәжбүрміз», - деді iSpace бас директоры Такеши Хакамада.

Инженерлер байланыстың үзілу себебін анықтау үстінде.

Хакамаданың айтуынша, ғарыш кемесі өткен жылдың желтоқсанында Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен SpaceX зымыранымен ұшырылды және он ғарыштық миссияның сегізін аяқтады.

Оның нәтижесі iSpace-тің ай модулін қондыруға келесі әрекетін дайындауға қызмет етеді.

Ол 2024 жылға жоспарланған. Бұған арнайы кеме салынып жатыр.

Егер Hakuto-R модулінің қонуы сәтті өтсе, Жапонияның ғарыш бағдарламасы қосымша серпін алар еді.

Бүгінгі күнге дейін тек АҚШ, КСРО және Қытай ғана Ай бетіне ғарыш аппараттарын жұмсақ қондырған, олардың бағдарламаларын мемлекет қаржыландырды.

Үндістан мен Израильдің жекеменшік компаниясының әрекеті де сәтсіз аяқталды.