Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті

0
704

Жерасты дүмпуінің күші сейсмикалық қуаттылықтың жапония шкаласы бойынша 6 балды құрады.


Жапонияда жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті

ERNUR.KZ. Жұма күні Жапония орталығына жақын орналасқан аудандарда және Исикава префектурасында 6,5 магнитудасымен болған жер сілкінісі салдарынан 1 адам қаза тауып, 22-сі зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, қуатты зілзала жергілікті уақытпен сағат 14:42-де (Гринвич бойынша 05:42) Судзу қаласында болды. Қала Исикава префектурасындағы Ното түбегінде орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші сейсмикалық қуаттылықтың жапония шкаласы бойынша 6 балды құрады. Айта кетейік, максималды шкала – 7. Тербеліс 12 км тереңдікте орналасты.

Жергілікті полиция мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 65 жастағы ер адам Судзу қаласында баспалдақтан құлап кетіп, мерт болды.

Сондай-ақ үш үй қираған, қирандылар арасында қалып қойған екі адам құтқарылды.

JMA дерегінше, сағат 21:58-де (Гринвич бойынша 12:58) Ното түбегі аумағында 5,8 магнитудасымен бірнеше жерасты дүмпуі тіркелді.

Метеоролгиялық агенттік жер сілкінісі апта бойы қайталануы мүмкін екендігін ескертті.