Жігіт өзін ақтау мақсатында әйелдің пистолет кезеніп атпақшы болғанын, сол себепті қорғану кезінде өлтіріп алғанын айтады.
иллюстрациялық фото: rutwi.ru
Полицейлер жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін оны кездесіп жүрген жігітінің чемоданынан тауып алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.
Жігіт өзін ақтау мақсатында әйелдің пистолет кезеніп атпақшы болғанын, сол себепті қорғану кезінде өлтіріп алғанын айтады.
Оқиға АҚШ-тың солтүстігіндегі Милуоки қаласының тұрғыны жүктілігіне бес ай болған өзінің кездесіп жүрген әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. 27 жастағы Квентин Нил есімді жігіт жалға алып тұрып жатқан үйінен 21 жастағы Шеннон Манидің бірнеше пышақ және атыс қаруынан алған жарақаттар алған мәйіті табылған.
Шеннон 13 сәуірде жұмысында болмаған соң ата-анасы оған іздеу салған. Оның жоғалып кетуіне күдікті ретінде қыздың жігіті Квентинді атайдф. Тергеу-тексеру жұмыстары кезінде Квентиннің жуынатын бөлмесінен жіне жертөледен қанның іздері табылды.
Күдікті өз кінәсін мойындаған. Тіпті, қыздың телефонын суға, әмиянын қоқыста тастап, мәйітін қоқыс салатын қалтаға салып чемодан ішіне жасырғанын да айтқан.
Қазір Квентин қамауда, оған 500 мың АҚШ доллары көлемінде кепілдік қойылды, деп жазады People.