ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР жаңа туған азаматына не берілуі керек екенін айтты, деп жазады inform.kz.
Атап айтқанда, қордың баспасөз қызметі түсіндіргендей, жаңа туған сәбидің «Медициналық қобдишасында» су термометрі, медициналық термометр, стерильді бинт, тыныс алу жолдарын тазартатын дәрі, балалар жақпамайы, балалар сабыны, қолға арналған антисептик және емдік тұз, стерильді мақта болуы тиіс.
Жасанды және аралас тамақ берілетін 1 жасқа дейінгі балаларға мына жағдайларда тегін бейімделген ана сүтін алмастырушы беріледі:
- Емізуші анадан АИТВ-инфекциясы, туеркулездің белсенді формасы табылған кезде;
- Егер анасы кәсіби маманның кеңесімен цитостатика, радиобелсенді, тиреодты, психотроптық заттар мен есірткі препараттарын қабылдайтын болса;
- Егер емізетін анадан қан жүйесі аурулары, қатерлі ісік аурулары, ауыр түрдегі бүйрек аурулары, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактияның бірінші формасы табылған жағдайда;
- Асқынған психикалық аурулар, туа біткен және кейін шалдыққан жүрек ақауы, эндокриндік аурулардың ауыр формасы, аллергиялық аурулардың ауыр түрі анықталса;
- Егер баладан туа біткен сүт жеткіліксіздігі, галатоземия, фенилкетонурия табылса. «Қоспалармен жаңа туған асыранды сәбилер, көпұрықтық жүктіліктен туған балалар, аналары стационарлық емделуде болған балалар және күндізгі бөлімде білім алатын студент аналардың балалары қамтамасыз етіледі», - делінген ӘМСҚ хабарламасында.