Қазір көлік қымбат. Дегенмен қалтаға қолайлылары да бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
АҚШ-та соңғы жылдары механикалық беріліспен жабдықталған жаңа машиналардың үлесі 0,9-1,3%-дан аспайды. Ал, Қазақстанда жағдай әлі айқын емес, бірақ нарықтағы автоматты беріліс қорабымен жабдықталған көліктердің үлесі біртіндеп өсіп келеді. Бір жағынан бұл санаттағы көліктердің бағасы да қалтаға жеңіл тимейді. Дегенмен, біз автоматы берілісі бар көліктердің ЕҢ АРЗАН түрлерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Lada Granta: ұсыныс шектеулі
Өткен жылы 200 мыңға жетер-жетпес Granta моделі сатылыпты, бұл Haval Jolidon, Lada Niva, Lada Vesta және Chery Tiggo 7 Pro сынды көліктердің сатылымынан бірнеше есе көп екен. Бірақ бір кездері «халық көлігі» атанған автомобиль соңғы жылдары халықтың талаптарына бірте-біртей сай келмейтін болып бара жатыр. Jatco jf414e (AY-K3) төрт сатылы гидромеханикасы бар алғашқы гранта нарықта 2012 жылы пайда болғанымен, соңғы оқиғалар бұл жобаға тағы инвестиция құю керектігін көрсетіп кетті.
Lada Vesta: тек седан, қалғандары қымбатырақ
2015 жылдың қыркүйегінде өткен Vesta сериялық өндірісінің салтанатты іске қосылуынан кейін дизайнерлер бұл көлікке автоматты беріліс қорабын енгізуді қолға алды. Алдымен автомобильге стандартты вазалық бес сатылы "механика" негізінде жасалған AMT робот қорабы салынды, бірақ оған тым көп шағым түсті. 2019 жылы Vesta Renault h4mk қозғалтқышымен жұптастырылған jatco jf015e вариаторын сынап көрді, бірақ бұл опцияның айқын артықшылықтарынан басқа айтарлықтай кемшіліктері де шықты. Ал 2022 жылы белгілі бір себептермен екі педальды Весталар брендтің шоу бөлмелерінен бір жылдан астам уақыт бойы көрінбей қалды. Бірақ зауыт жұмысшылары алған беттен қайтпай, биылғы жылдың наурыз айында жаңа нұсқаны ұсынды. Бұл — Evo префиксі бар 1,8 литрлік қозғалтқыштан және үздіксіз ауыспалы автоматты беріліс қорабынан тұратын жаңа қуат блогы болып саналып отыр.
BAIC U5 Plus: былтырғы арзан көлік
BAIC U5 plus седаны кез келген жағдайда арзан көліктер таңдауынан орын алады, өйткені өткен жылы ол нарықағы ең бюджеттік әрі автоматты беріліс қорабы бар Қытай көлігі атағына ие болған. Одан бөлек, бәсекелестердің пайда болуынан 2023 жылы жиналған машиналардың бағасы күрт төмендеді.
Livan X3 Pro: кішкентай, бірақ мықты
Lifan брендінің елімізге етене енгеніне көп болған жоқ. Сәйкесінше, тұрғындарға ұсынылған алғашқы көлік livan X3 Proактам кроссовері болды. Автокөлік шынымен де кішкентай: ұзындығы 4005 мм, ал доңғалақ базасы 2480 мм. Төлқұжат бойынша оның көлемі 400 литр, бірақ бұл әлсіз көлік емес.
Changan Alsvin: ең кішкентай қытайлық
Changan Alsvin – қытайлық маркалы автомобильдердің ішіндегі B + сегментінің жалғыз өкілі, сондықтан ол нарықтағы ең арзан автомобильдер қатарына жатады. Ал, оның JL473QF – баламасыз 4 және 5 сатылы преселективті роботтан тұратын беріліс механизмін атап өтпеске болмайды.
Jetta va3: «қытайлық неміс»
Соңғы уақытқа дейін Volkswagen компаниясы Қытай үшін арнайы ойлап тапқан Jetta маркалы автомобильдер елімізге тек параллель импорттау тәртібімен келді. Алайда, қазір бұл машиналардың дистрибьюторы өздерін «ресми» өкілдер деп атайды. Автокөлік pq25 платформасының жаңартылған нұсқасында жасалған және Skoda Rapid пен VW Polo sedan-ның ең жақын «туысы». Осы баға санатындағы көптеген автомобильдерден айырмашылығы, Jetta Va3 112 ат күші бар, 1,5 литрлік, атмосферамен жұптастырылған, классикалық 6 сатылы гидромеханикалық қозғалтықшпен жабдықталған. Өте үнемді автомобиль.
JAC J3: J әрпі және тағы басқалар
JAC JS3 - бұл S3 актам кроссоверінің рестайлинг нұсқасы, ол сатылымға шықты, бірақ көп жетістікке жете алмады. Дегенмен өткен жылдың күзінде JAC бренді актам кроссовердің ресми сатылымын қайта бастағанын жариялады. Модель индексіндегі J әрпімен бірге автомобиль өлшемдері бойынша кейбір өзгерістер орын алған: шанақ ұзындығы 4345 мм-ге дейін ұзарыса, биіктігі керісінше 20 мм-ге төмендеп, 1640 мм-ге тең болды.
Geely Emgrand: классикалық автомат және атмосфера
Өткен жылдың екінші жартысында нарыққа қайта оралған Geely Emgrand седанының сатылымы 2020 жылы тоқтай бастаған еді. Ең бастысы, еуропалық стилімен ерекшеленетін седан роботпен немесе вариатормен емес, классикалық алты сатылы гидромеханикамен жабдықталған. Автомобиль аудиториясының көзқарасы бойынша, бұл өте маңызды құндылық. Бірақ оның басты артықшылығы – қуаттылығы. Көліктің қазіргі қозғалтқышы оны 12,6 секундта 100 км/сағ. жылдамдыққа жеткізеді.
Chevrolet Spark III (M300): «мен сені білемін!»
Бұл өте сәтті шыққан кішкентай көлік (модельдің бүкіл әлем бойынша сатылымы 2,3 миллион данадан асты) алғаш рет 2009 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Қазақстандықтарға бұл модель өз атауымен де, Daewoo Matiz және Ravon R2 ретінде де жақсы таныс. Өйткені 2010 жылдан бастап UZ Daewoo зауыттарында толық циклді автомобиль өндірісі ұйымдастырылған. Көлік көлемі 1,25 литрлі 85 ат күші бар төрт сатылы LL0 қозғалтқышымен жабдықталған. Әрине, елеулі кемшіліктер де бар: мысалы, Spark отбасылық көлік ретінде қолайлы емес.
Chevrolet Cobalt: Cruze мен Aveo арасында
Бұл тақырыпты қозғағанда Chevrolet Cobalt көлігі бірден ойға оралады. Бұл көлік 2011 жылы үшінші елдердің нарықтарына арналған Cruze және Aveo арасындағы аралық өлшемді модель ретінде әзірленген. Автокөлік Қазақстан нарығында Chevrolet Cobalt ретінде де, Ravon R4 ретінде де бірнеше рет пайда болды. Кейіннен автокөлікті толық цикл бойынша шығару Өзбекстанның Асака қаласындағы UzAuto Motors зауыттарында игерілді. Содан соң Өзбекстанда өндірілген компоненттерден ірі торапты құрастыру Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында басталған кезде тағы да Cobalt ретінде пайда болды.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Қымбат ШИНАның арзаннан АРТЫҚШЫЛЫҒЫ: ақиқат па, аңыз ба?