Қазақстандық үш гимнаст Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты

0
150

Осиек қаласында (Хорватия) көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды.


Қазақстандық үш гимнаст Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: olympic.kz

ERNUR.KZ. Бірінші күнгі іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты, деп жазады zakon.kz.

Нариман Құрбанов ат үстіндегі жаттығуда 14,566 ұпай жинап, іріктеу кезеңін бірінші нәтижемен аяқтады. Дәл осы жарыста Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Ол да іріктеуден өтті.

Милад Карими де Әлем кубогі кезеңі медалін сарапқа салады. Еркін жаттығуда гимнаст іріктеуде екінші орын алды – 13,866.

Айта кетейік, 11 сәуірде Карими кермедегі жаттығу, ал Асан Сәлімов тіреуішпен секіру бойынша финалға жолдама алу үшін күреседі.