Бензиннің сіз білмейтін баламалары бар.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Соңғы бірнеше жылда адамзат мұнай болмайтын кезең туралы ойланып жүр. Себебі жыл сайын өндіріс деңгейі артып, автомобильдер саны да көбейіп келеді. Ал бұл жер қойнауындағы мұнайдың біртіндеп азаяюына тікелей әсер етеді.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда табиғатты қорғаушылардың дауыстары да қаттырақ шығып, олар мұнайды технологиялық отынның игілігіне пайдалануды тоқтатуды талап етіп жатыр. Бұл факторлар да адамзаттың мұнай қорына тәуелділігін жою арқылы тұрақты және арзан отын көздеріне көшуге мүмкіндік беретін шешімді іздеуге итермелейді. Осыған орай біз де бензиннің балама нұсқаларын қарастырып көрдік.
Автокөлікке арналған бензинге балама болатын отын көздері жайлы айтқанда ойға ең алдымен автогаз түседі. Бұл бағасы арзанырақ әрі қоры мол отын көзі. Бірақ бұл қалай болғанда да уақытша шешім. Өйткені газ да табиғи ресурс болып саналады және қоры қандай да бір дәрежеде шектеулі. Бұл тұрғыда жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі туралы да ескеру керек. Себебі газбен жүретін көліктер бензинмен жұмыс істейтін көліктерге қарағанда қауіпті деп айта аламыз.
Екінші нұсқа – сутегі. Бұл заттың автогаздан айырмашылығы – өнеркәсіпте соншалықты сұранысқа ие емес және оны өндірудің көптеген жолдары бар. Мұндағы басты мәселе – сутегі мен ауа қосылғанда жарылу қауіптілігі жоғарылайды. Ал, сұйық бензиннен айырмашылығы – сутекті жабық кеңістікте, яғни газ құбырында немесе бензин багында ұстау қиынырақ. Сондықтан да оның оттегі молекулаларымен қосылып, одан жарылыс пайда болу ықтималдығы жоғары.
Үшінші нұсқа белгілі бір автордың өнертабысы сияқты болып естіледі. Бірақ кейбір мамандардың айтуынша, бұл рас нәрсе. Дәлірек айтсақ, дизельді қозғалтқыш күнбағыс майымен жұмыс істей алады екен. Себебі ол жоғары қысыммен шашырайды және тұтанғыш қасиеті жақсы. Бірақ бұл тұрғыда да көптеген «бірақ» бар. Алдымен, бұл нұсқа тек ескі дизельді машиналарға жарамды. Ал жаңасына күнбағыс майын қолданса, қысқа уақыт қана қызмет етеді. Екіншіден, қыста отынның бұл түрі тым тұтқыр болып, қозғалтқыш қуатының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан мұндай майды алдын-ала жылыту керек болады. Тиісінше бұл отынды жылыту жүйесін орнатуға және қосымша шығын жасауға апарады.
Төртінші нұсқа – «биодизель». Бензинге арналған бұл балама жөніндегі идея күнбағыс майымен жасалған тәжірибеден туындаған. Нақтырақ айтсақ жаңа ғана айтқан май тұтқырлығын төмендету үшін рапс күнбағыс майына қоспалар қосылып, «биодизель» алынған. Бірақ бұл нұсқа да бензинге толық балама бола алмайды. Өйткені, жер ғаламшарында халық саны үнемі көбейіп келеді, демек бізге көбірек тамақ қажет. Сондықтан өнеркәсіптік масштабта отынға айналдыру үшін рапс өсіру мүмкін емес. Егер солай болатын болса қазіргі рапс егілетін алқаптардың 70 пайызын пайдалану қажет болады. Ал бұл аштық пен соғысқа әкеледі. Бұл бағытта әзірлемелер жүргізіліп жатқанымен, оған қарағанда теңіз балдырларынан «биодизель» өндірудің болашағы бар.
Сондықтан бензинге жалғыз балама әзірге бесінші нұсқа болып қала береді. Ол электр энергиясы. Себебі электр қуаты экологиялық тұрғыдан таза, тиімділігі жоғары және кеңінен таралған.
Бірақ адамзат болашағы – атом энергетикасымен тікелей байланысты болмақ. Себебі халықтың, өндірістің, дақылдардың және машиналардың көбеюі адамзатқа басқа балама қалдырмайды. Демек жанармайдың осы түрін қауіпсіз түрде өндіру және пайдалану үшін байыпты жұмыс істеу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді және олар сәтті болады деген үміт бар.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
КӨЛІКТЕГІ ЫСТЫҚТАН ШАРШАДЫҢЫЗ БА? Сізге жайлылық сыйлайтын 10 кеңес
Көлік жүргізгенде ҰЙЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін не істеуге болады?