ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында “Зорлық-зомбылықсыз қоғам” атты ашық есік күні өтті

0
799


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында “Зорлық-зомбылықсыз қоғам” атты ашық есік күні өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №45 мектеп-гимназиясында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Г.Т. Уалиханова, Шымкент қалалық Полиция департаменті, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция лейтенанты Н.Н. Төлеген және «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы» КММ психологы Г.У. Абызова қатысты.
Ашық есік күні аясында оқушыларға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылып, мектеп пен қоғамда буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері көтерілді. Оқушылар психологиялық ойындарға қатысып, өмірлік маңызы бар сұрақтарға қатысты өз ойларын ортаға салды.
Бұл іс-шара балалардың құқықтық және психологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңы болды.
Бөлісу