Көлікке ҚАНДАЙ БЕНЗИН құйған дұрыс - маңызды 3 кеңес

0
1 722

Осы кеңестерге құлақ ассаңыз, қателеспейсіз.


Көлікке ҚАНДАЙ БЕНЗИН құйған дұрыс - маңызды 3 кеңес

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгінде елімізде жанармай бағасы 200 теңгенің айналасында. Бұл біреуге қымбат, біреуге қолжетімді баға. Дегенмен, кім болса да үнем жасаудан бас тартпайды деп ойлаймыз. Ал, үнемді қозғалтқышқа зиян келтірместен қалай жасауға болады?


1. Октан саны

Мұнда бәрі қарапайым болып көрінеді, дәлірек айтсақ, автомобиль өндірушісінің ұсыныстарын басшылыққа алу жеткілікті. Дегенмен, сіздің көлігіңіздің кепілдік мерзімі аяқталмаған болса, бұл жеткіліксіз болады. Себебі, дилерлік қызмет көрсетушілер кепілдік мерзімі бітпей жатып қозғалтқышта қандай да бір проблемалар туындаса, бірінші кезекте жанармай багынан сынама алады. Ал, ол дұрыс болмай шықса, тегін жөндеуден бас тартады.


Әдетте, өндірушілер көлікке құйылатын жанармайға қатысты рұқсат етілген ең төменгі октан санын көрсетеді. Жалпақ тілмен айтар болсақ, қазіргі уақытта көптеген өндірушілер көлікке AI-95 маркалы бензин құюды ұсынады. Сонымен қатар, октан саны жоғары – 98 немесе 100 маркалы бензинді пайдалануға болады. Бірақ, сіздің көлігіңіз бастапқыда мұндай отынға лайықталмаған болса, бұл қуат пен динамикаға оң әсерін тигізбейді.

Енді октан санынының не үшін маңызды екенін айтайық. Бензин құрамындағы октанның саны детонацияға төзімділікпен байланысты. Детонация дегеніміз – жанармайдың цилиндрлердегі жануы, қысым мен температураның жоғарылауынан пайда болып, поршеньдердің, клапандардың және т.б. қозғалтқыш бөліктерінің бұзылуы. Сондықтан, аз жылдамдықпен жүріп келе жатып қозғалтқыштан металл дыбысын естісеңіз, осы құбылыстың себептерін іздеп, көлігіңізге дереу қамқорлық жасауыңыз керек. Бұл жағдайға жеткізетін негізгі себеп –төмен октанды отынды пайдалану. Мұндай жағдай әсіресе жазда, күн қатты ысығанда орын алады. Ал, оның алдын алу үшін ұсынылған AI-95-ті құю қажет. Тиісінше, күн салқын кезеңде бензиннің сортына қарамастан, бюджеттік AI-92 майын құбға болады.


Дегенмен, қазіргі кейбір көліктердің электроникасы, тіпті арзан қозғалтқыштардың параметрлерін әртүрлі жанармайға бейімдей алады. Бірақ, төмен октанды бензинді пайдаланған кезде сіз динамиканың нашарлауына және отын шығынының артуына дайын болуыңыз керек.


2. Жуу керек пе, жоқ па?

Беделді брендтердің көптеген жанармай құю станцияларында сіз әдеттегі AI-95 бензинін де, олардың ultimate, XTRim және т.б. жетілдірілген түрлерін де таба аласыз. Өндірушілердің айтуынша, бұл жанармайлар көлік жұмысын жақсартып қана қоймай, отын жүйесін шөгінділерден тазартады екен. Яғни, бензиннің бұл жуғыш қасиеттері – белсенді заттары бар қоспалар металл бетінен көміртегі мен шөгінділердің бөлшектерін жұлып алып, оларды жану камерасы арқылы шығарып тастайды. Бұлар ескі қозғалтқыштағы тығыздағыштарды ерітіп жібереді деп қорықпау керек. Керісінше, «егде» жастағы машиналарда бұл жуғыштың әсері айқын көрінуі мүмкін. Ал, жаңа қозғалтқышта шөгінділер өте аз немесе жоқ болатындықтан, мұны қолданудың артықшылыығы болмайды. Қалай болғанда да, брендтік бензиннің зияны болмайды. Бірақ оның бағасы әдеттегі бензиннен қымбат болады.

3. Тағы бір кеңес

Тағы бір қауіпті жағдай – логотипі танымал брендтерге ұқсайтын, бірақ атауы бейтаныс ірі қалалар маңындағы жанармай құю станцияларынан бензин құю. Мұндай жердегі кәсіпкерлер құжат талап еткен жүргізушілердің талабынан жалтаруы да мүмкін. Демек, жанармайдың сапасына кепілдік жоқ деген сөз. Тиісінше, осындай бекеттен бензин құйсаңыз, көліктің қуаты азайып, жүру қашықтығы қысқа болуы да мүмкін. Сондықтан көпшіліктің көңілінен шығып жүрген, танымал жанармай құю станцияларының бензинін тұтынған абзал.


Мінсіз жанармай құятын бекеттер таза, заманауи жабдықтар орнатылған, қызметшілері сыпайы болады және құйылатын бензиннің құжаттарын көрсетуден қашпайды.


Тағы бір тиімді кеңес – тәжірибелі жүк көліктерінің жүргізушілері цистернаға жанармай құйылғаннан кейін бірден тексереді. Яғни, таза немесе тұнбасы көп екеніне көз жеткізеді. Сондықтан, жолға шыққанда жүк көліктері көп тоқтайтын бекеттерге басымдық берсеңіз, қателеспейсіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Бензиннің орнына дизель құйылып кетсе НЕ БОЛАДЫ? Немесе керісінше...


«Тонировканың» ПАЙДАСЫ көп пе, әлде ЗИЯНЫ ма?