КӨЛІКТЕГІ ЫСТЫҚТАН ШАРШАДЫҢЫЗ БА? Сізге жайлылық сыйлайтын 10 кеңес

0
1 189

Кейде ауа температурасы қатты көтеріліп, жүргізуші өзін моншадағыдай сезініп жатады.


КӨЛІКТЕГІ ЫСТЫҚТАН ШАРШАДЫҢЫЗ БА? Сізге жайлылық сыйлайтын 10 кеңес

иллюстрациялық фото: ашық дреккөзден

Көлікті енді басқара бастағандар жазда автомобиль игеру оңайырақ деп санайды. Себебі, бұл мезгілде көктайғақ немесе толассыз жаңбыр жайсыздық туындатпайды. Бірақ, кейде ауа температурасы қатты көтеріліп, жүргізуші өзін моншадағыдай сезініп жатады. Ал, мұндай кезде кондиционер болмаса не істеуге болады?

Бірнеше сағат ыстық күн астында тұрған көліктің салоны ыстық пешке ұқсайды. Тіпті кішігірім кептелістің өзінде мұндай салонда отырған адамдарда ауру туындауы мүмкін. Ал жүргізуші қиын жағдайға тап болса, арты апатқа айналуы мүмкін. Шынында, мұндай ыстықта адамдар тез шаршайды және зейінін жоғалтады. Сондықтан жазда жүргізуші жолда не болып жатқанын жиі-жиі бақылауы керек. Егер сіз өзіңіздің жеке көлігіңіздің салонында грильге айналғыңыз келмесе, кейбір ережелерді сақтаған жөн.


1. Көлікті көлеңкеге қойыңыз

Автокөлікті тұраққа қояр кезде орынды дұрыс таңдау, яғни көлеңкеге қою – сәттіліктің жартысы. Себебі бұл жағдайда интерьер қызып кетпейді және терезені толық жауып кетуге болады.

Жалпы, ыстық маусымда мүмкіндігінше таңертең немесе күн батқанда жолға шыққан жөн. Өйткені, күндізгі ыстық күн астында кептелісте тұрудан жаман ештеңе жоқ. Бұл жағдайда тіпті кондиционер көп көмектеспейді.


2. Кондиционерді дұрыс қолданыңыз

Әрине, егер сырттағы температура 30 градустан да ыстық болса, кондиционерді барынша қосқыңыз келеді. Бірақ мұны көлікке отыра салып істемеген дұрыс. Яғни, алдымен терезелер мен есіктерді ашып, ыстық ауаның шығуына мүмкіндік жасаңыз. Бірнеше минуттан кейін кондиционердің қууатын бірте-бірте арттыра бересіз. Себебі, температураның күрт төмендеуі мұрынның бітелуіне әсер етіп қоймай, терезе тығыздағыштарында микро жарықтардың пайда болуына соқтырады. Айтпақшы, салқын ауаны салонның аяғы мен ортасына бағыттау керек, бірақ бетке емес. Әрине, егер екі апта бойы ауруханада жатып, жұмысқа барғыңыз келмесе.

Салондағы температура мен көшедегі температураның айтарлықтай айырмашылығы болмауы керек. 5-7 градус айырмашылық өзіңізді жайлы сезіну үшін жеткілікті және қауіпсіз.

Есіңізде болсын, қосылған кондиционер жанармай ағынының жоғарылауына себеп болып қана қоймайды, сонымен қатар ыстықта жұмыс істейтін қозғалтқыштың салқындату жүйесіне жүк түсіреді. Сондықтан, кондиционер жұмыс істеп тұрған кезде бақылау тақтасындағы сенсорды үнемі қадағалап отырыңыз. Егер қозғалтқыш суы қайнау шегіне жетсе, ойланбастан кондиционерді өшіріңіз.

Сондай-ақ, ыстық ауа-райындағы сапар аяқталғаннан кейін қозғалтқышты бірден сөндіруге болмайтынын есте ұстаған жөн. Ауаны салқындату жүйесіндегі қысымның төмендеуін бірнеше минут күтіңіз, әйтпесе ол істен шығуы мүмкін.


3. Күннен қорғайтын перделерді іліп қойыңыз

Кәдімгі автомобильге арналған қорғаныс перделері жылуға қарсы жақсы әсер етеді. Бағасы арзан, бірақ салондағы жылуды 5-7 градусқа дейін төмендетуге көмектеседі.


4. Күш - суда

Өзіңізбен бірге бірнеше бөтелке кәдімгі ауызсу алып жүруді ұмытпаңыз. Дүкенге бара алмай, кептелісте тұрған кезде сіз бұл кеңесті шынымен бағалайсыз. Айтпақшы, Coca-Cola сияқты тәтті су ішпеген дұрыс, себебі оларды ішкеннен кейін алдыңғыдан да қатты шөлдейсіз.

Сіздің "темір тұлпарыңыз" да көбірек сұйықтықты қажет етеді. Мысалы, ыстық күн астында аккумулятордағы су тез буланып, бұл қуат блогының қызып кетуіне және қайнауына әкелуі мүмкін. Қозғалтқыштың істен шығуын болдырмау үшін жүргізуші электролит деңгейін үнемі қадағалап отыруы керек.

5. Тазалық сақтаңыз

Сіздің көлігіңіздің түсін ашық немесе қара болуы маңызды емес, егер ол лас болса. Өйткені, күн сәулесінің астында тұрған лас көлік тезірек қызады. Ал, жылтыратылған таза бет жылу сәулелерінің бір бөлігін қайтарады. Сонымен қатар, сіздің машинаңыздың кірі әйнегіне соқтығысқан күн сәулесінің әсерінен мықтап кебеді де, мұндай дақтарды жуу қиынға соғады. Сондықтан жаздың аптап ыстығында көлігіңізді жуып тұрған жөн.


6. Температура салқындатқыштың сенсорына назар аударыңыз

Есіңізде болса, ыстықтағы кондиционердің жұмысы туралы айтқан кезде қозғалтқыштың салқындату жүйесінің температурасын бақылау қажет екенін атап өттік. Алайда, қосылған кондиционер – бақылау тақтасына қараудың жалғыз себебі емес. Температура көрсеткішінің "қызыл аймаққа" жетуіне тосол немесе антифриздің азаюы, ақаулы желдеткіш немесе бітелген радиаторлар да әсер етеді. Егер сіз мәселені уақытында байқамасаңыз, қозғалтқышқа зақым келуі ықтимал.


7. Жазғы маусымға дейін тежегіш сұйықтығын ауыстырыңыз

Тежегіштердің сенімді жұмысы көбіне тежегіш сұйықтығын қаншалықты толтырғаныңызға байланысты. Өндірушілер жаздың басталуына дейін оны тексеріп, аз болса толықтыруды ұсынады. Өйткені ол ауадан суды біртіндеп сіңіріп, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондай-ақ, автоөндірушілердің тежегіштің қайнау температурасына қатысты ұсыныстарын ескерген жөн. Әсіресе, сырттағы температура 30 градустан жоғары болса.


8. Жанармай құю

Қатты ыстықта бензин резервуарын толтырмаған дұрыс. Себебі көшедегі температура көтерілген кезде жанармай көлемі ұлғайып, тасып кетуі мүмкін. Ал, оның жануына болмашы ұшқын жеткілікті болады.


9. «Соқырлықтың» алдын алу

Күн тек жағымды әсер бермейді. Мысалы, сәулесі тікелей түскен кезде жүргізушіні жасырын түрде «соқыр» етуі мүмкін. Ал, мұндай соқырлық орын алған бірнеше ғана секунд ішінде жолда талай жағдай орын алуы ықтимал. Сондықтан күннен қорғайтын көзілдірікті қолданған дұрыс.


10. Дөңгелектердің күйін тексеріңіз

Көліктің үш дөңгелекпен қалуына нашар үрленген немесе тозған бір ғана шина жеткілікті. Себебі ондай шина жол температурасына шыдамай, жарылып кетеді. Сондықтан өз өміріңізге қауіп төндіргіңіз келмесе, шиналардың жай-күйін қадағалаңыз.

Айтпақшы, асфальт жоғары температураның әсерінен қызып, жұмсарып, жол тайғақ болатынын да есте сақтаңыз. Мұндай жағдайда көлікті тоқтатуға көбірек уақыт қажет болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Электромобильдің қарапайым көліктен ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ бар?


Көлік тізгінін енді ұстағандар үшін ЕҢ ҚОЛАЙЛЫСЫ осылар