Жүргізуші ұсталып, көлігі уақытша айыппұл тұрағына қойылған.
Фото: Gazeta.uz
ERNUR.KZ. Өзбекстанда Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы мектеп стадионында Nexia жүргізушісі көлігімен адамдарды басып кете жаздады. Ол мұны командасының футболда жеңілгені үшін жасағанын айтты, деп жазады inform.kz.
Жүргізуші ұсталып, көлігі уақытша айыппұл тұрағына қойылған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
— Мен командамыз футболда жеңілгені үшін осылай істедім. Іс-әрекетіме қатты өкінемін, — дейді ол.