Нарықтан ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН 6 автокөлік

0
1 498

Сарапшылар бұл брендтер жойылады деп санайды.


Нарықтан ЖОҒАЛЫП БАРА ЖАТҚАН 6 автокөлік

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлемге танымал сарапшылардың пікірін талқыламас бұрын, бір жағдайды ескертуіміз қажет. Ол – аталған брендтер жағдайының әр аймақта әртүрлі болатындығы. Ал, сала мамандары брендтердің сұранысы, сатып алушылардың талабы мен өндірушілердің қадамдарына сүйенген.


Alfa Romeo

Аты өшуге алғашқы үміткерлердің арасында аты аңызға айналған итальяндық бренд бар. Тоқсаныншы жылдардың ортасында бір рет жоғалып кеткен бұл бренд кейіннен тағы серпіліс жасаған. Нақтырақ айтсақ, тұтынушыларға 4c sportcar, Giulia седаны мен Stelvio кроссовері ұсынылған.

Кезінде адамдар бұл көлікті BMW-мен бір қатарға қоятын. Белгілі бір уақытқа дейін итальяндық машиналар Германиядан шығатын қарсыластарына қарсы тұра алды. Бірақ қазір бавариялықтар технологиялық және инновациялық тұрғыдан тым алысқа кетіп қалды. Сонымен қатар, «Альфаға» айтарлықтай инвестиция салынбады. Осы факторларға сүйенген сарапшылар жақын арада бұл көлік нарықтан кетуі мүмкін деген қорытынды жасап отыр. Бірақ, Alfa Romeo-ға әзірден нақты баға бермеген дұрыс секілді. Себебі, 2022 жылы АҚШ-тың өзінде бұл брендтің 50 мыңнан аса данасы сатылса, 2023 жылы барлығы сатылым саны 68 мыңнан асыпты.


Buick

Сарапшылар General Motors концернінің құрамындағы тарихи брендке қатысты да "үкім шығарған". Корпоративтік иерархияда Buick дәстүрлі түрде Chevrolet пен Cadillac арасындағы буынды қамтиды және шынымен де бұл көліктің дүркіреген кезеңдері артта қалды. Бір кездері "Бьюик" эмблемасы үлкен әрі жайлы седандар мен купелерді безендірсе, қазір қарапайым кроссоверлер ғана шығарылады.

Сарапшылар Buick-тің бірде-бір өңдеушісі соншалықты сенімді емес деп санайды. Олардың пікірінше, бұл көлікке Chevrolet-те бар құрамды беру немесе бастапқы деңгейдегі Cadillac-қа айналдыру керек.


Chrysler

"Крайслер" көлігіне деген сұраныс төмендегенімен, өндірушілер әрбір бөлімшеге тұрақты даму үшін он жыл мерзім берілгенін хабарлаған.Ал, сарапшылар бұл көлікке Dodge белгішесін жабыстырып, қайтадан Grand Caravan ретінде сатқан дұрыс деп болжайды. Бұл Chrysler қажеттілігін толығымен жояды және Stellantis-ті қосымша брендтің маркетингі мен қызметінен босатады.

Бірақ концерннің өзіндік логикасы мен стратегиясы бар сияқты. Алайда, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көліктің сатылымы 10%-ға төмендеген және іс жүзінде бөлімшелер нақты даму жоспарын жария етпеген.


Fiat

Соңғы уақытта Stellantis концернінің маркалары көбейіп жатқандықтан, сарапшылар «жақын арада Фиатты нарықтан алып тастауға тура келеді» деп санайды және бұл болжам дұрыс секілді. Себебі, статистиканы ашып қарасаңыз 2023 жылы бұл көліктің бар болғаны 602 данасы сатылғанын көресіз.

Сарапшылардың айтуынша, компания көліктерді ерекшелендіргенімен, бастапқыда ол өте танымал болып, бірақ нарықтың ерекшелігіне байланысты ұзақ уақытқа созыла алмаған. Өйткені, қазіргі нарықта мүлдем басқа форматтағы автомобильдер сұранысқа ие.


Mitsubishi

Қазір бұл брендтің жағдайы жаман емес. Биылғы сатылымы былтырғыға қарағанда жоғары. Болашақта жағдай одан да жақсы болуы мүмкін. Мамыр айында компания 2026-2030 жылдарға және нарыққа арналған даму стратегиясын жариялады. Mitsubishi көліктерді электрлендіруге және гамманы кеңейтуге ден қойып отыр. Алдағы бесжылдықта жыл сайын кем дегенде бір жаңалық пайда болмақ.

Сонда сарапшыларға не ұнамайды? Олар Outlander-ді сынайды. Айтуларынша, кроссовер тек Toyota RAV4 Prime PHEV-ті ала алмайтындарға арналған. Бірақ бұл брендті төмендетуге себеп бола алмайды. Олардың бренд туралы бес жылдан кейін не айтатынын көре жатармыз.


Infiniti

Infiniti өндірісті бастаған кезде өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бірақ компания қазір шынымен сенімді автомобильдер шығармай қойды. FX және G модельдерінен бас тартқаннан кейін жағдайлары күрделеніп кетті және компанияның алтын дәуірінен кейін шамамен он жыл өткен соң қолға алынған ребрендинг қажетті нәтиже бермеді. Сарапшылар өздерінің жағымсыз тенденциясын дәлелдеу үшін Infiniti-ді Lexus және BMW сияқты компаниялармен салыстырады.


Қазіргі уақытта "Инфинити" өте қиын жағдайда. Мысалы, 2024 жылдың алғашқы алты айында сатылым 13,2%-ға төмендеп, сатылым саны 28 мың данадан әрең асқан.


Дайындаған Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көлік таңертең дұрыс оталмай ма? Не істеуге болады?


Тежегіш жүйесінде ЖИІ ПАЙДА БОЛАТЫН ақаулар