​Toyota Camry XV70. Қазақстанға қашан келеді?

0
2 109

Автоәуесқойлар асыға күтіп жүрген жаңа Toyota Camry XV70 көлігі жергілікті көлік нарығында мамыр айынан бастап пайда болады. Бұл туралы ай басында kolesa.kz хабарлаған болатын. Қазақстанға әкелінетін автокөлік өзге де ТМД елдеріне арналған нұсқамен Санкт-Петербургтегі Toyota зауытында құрастырылуда.


​Toyota Camry XV70. Қазақстанға қашан келеді?

фото: kolesa.kz

Автоәуесқойлар асыға күтіп жүрген жаңа Toyota Camry XV70 көлігі жергілікті көлік нарығында мамыр айынан бастап пайда болады. Бұл туралы ай басында kolesa.kz хабарлаған болатын. Қазақстанға әкелінетін автокөлік өзге де ТМД елдеріне арналған нұсқамен Санкт-Петербургтегі Toyota зауытында құрастырылуда.

Көпшіліктің қызығушылығы мен таңданысын қатар тудырған көліктің бағасы да бізге әзірше құпия. Дерек көздеріне сенсек, ресми өкілдер көліктің нақты құнын сәуір айында жариялайды.

Сондай-ақ, сайттың Youtube желісіндегі ресми каналында көлік тізгінін тартып, алғашқы әсерлермен бөліскен видео жарық көрді. Автор көлік салонының детальды түрде деңгейі артқаны бірден аңғарылатынын айтады. Дизайны да жоғары бағаға лайық. Алдыңғы үлгілермен салыстырғанда кеңірек екені айқын байқалатын жүксалғышты артқы орындықтарды жылжыту арқылы одан әрі кеңейте түсу мүмкіндігі бар. Артқы көріністі айқын көрсетіп тұратын бейнебақылау камерасы да — көліктің басты артықшылықтарының бірі.

Жаңа үлгінің жетілдірілген тағы бір тұсы — артқы жолаушылар орнының кеңейтілуі. Алдыңғы нұсқалардағы батырмалардан арылып, толықтай тач-панель орнатылған консольдің көмегімен көліктегі көптеген қызметті басқаруға болады. Айталық, пердешені, әуенді, климатты басқару, орындық арқалығын қозғалту, т.б.

Бейне соңын автор «Әзірге тәнті болып отырмын. Алғашқы алған әсерім, расында да, өте жағымды. Жайлылық жағынан да, жүру сапасы жағынан да» деген сөздермен аяқтайды.

Дегенмен, автоәуесқойлардың басым көпшілігі бұл оймен келіспейтін сыңайлы. Біреулері «Неге Қазақстанға жапониялықтар келмейді, Ресейде құрастырылған Тойота — ол нағыз Тойота емес», «Күмәнді құрастыру кімге керек?» деген пікірмен күдігін жеткізсе, енді біреулері «Камри көріксіз болып барады», «Көрнекілігі мен салтанаттылығы жоғалды», «XV70-ке қарағанда, 50, 55-тер дұрысырақ сияқты, тіпті, 35-тің салоны да бұдан артығырақ болатын» деп көлікке көңілінің толмағанын ашық айтқан. Дегенмен, жаңа дизайнға «керемет», «мықты», тіпті, «үздік» деп баға берушілер қатары да бар.

Айгерім Мейірханқызы,

ERNUR.KZ