Жол ережесін ойлап тапқан адам ӨЗІ мүлде КӨЛІК ЖҮРГІЗБЕГЕН - автокөлік әлеміндегі ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР

0
2 713

Біз білмейтін неше түрлі ақпарат бар екен.


Жол ережесін ойлап тапқан адам ӨЗІ мүлде КӨЛІК ЖҮРГІЗБЕГЕН - автокөлік әлеміндегі ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін оқырманға автокөлік туралы қызықты деректерді ұсынып отырмыз.

  • 1865 жылы Англияда барлық өздігінен жүретін көлік құралдарына жылдамдықты шектеу туралы заң қабылданған. Яғни, көліктер қала ішінде 3 км/сағ-тан, ал сыртында 6 км/сағ-тан жылдам жүре алмады.
  • Mitsubishi Pajero көлігі Испания нарығында Mitsubishi Montero деп аталған. Өйткені, жергілікті жаргон бойынша «pajerо» сөзі өте жағымсыз іспен айналысатын адам деген мағынаны білдірген.
  • Әлемге әйгілі «Формула-1» автожарысына әйелдер де қатыса алады. Бірақ, жарыс тарихында бұл сайысқа 5 қана нәзікжанды қатысқан. Олардың екеуі жарысты аяқтай алса, біреуі ғана гран-приде ұпай жинай алған.
  • Швецияның SAAB компаниясы 1937 жылы құрылған. Бірақ, олар алдымен тек әскери ұшақтар шығарған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін компания жаңа нарыққа шығып, автомобиль өндірісіне ден қойған.
  • ГАЗ-21 көлігінің көптеген үлгісі болған. Тіпті, 1965 жылы рөлі оң жақта орналасқан түрі экспортталған. Оған қоса, автоматты беріліс қорабымен жабдықталған үлгісі де болған.
  • 1909 жылы жасалған «Мерседес-Бенц» логотипіндегі үш сәулелі жұлдыз брендтің құрлықтағы, судағы және ауадағы жетістігін білдіреді. Яғни, бұл брендті шығарған компания кеме және авиациялық қозғалтқыштар да өндірген.
  • Мас хәлде көлік жүргізгендер әлемнің көптеген елінде қатаң жазаланады. Бірақ, Уругвайда, керісінше, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші мас болса, жазасы жеңілдеуі мүмкін.
  • Ресейде автомобиль нөмірлеріне тек кириллицада да, латын тілінде де бар әріптер қолданылады екен. Мұндай әріптер саны 12. Олар: А, В, Е, К, М, Н, О, Р, С, Т, У, Х әріптері.

  • Германиядағы Фрайбург аумағында Фаубан деп аталатын тұрғын ауданы бар. Ол жерде автомобильдерге мүлдем тыйым салынған. Көліктерді аудан шекарасында орналасқан арнайы гараждарға қалдырып кету керек. Тұрғындар жаяу немесе велосипедпен жүреді.
  • «Land Cruiser» Toyota көлігінің атауындағы Land сөзі басқа компанияның атауынан — «Land Rover» сөзінен алынған. Оған дейін қазіргі «Land Cruiser» «Toyota Jeep» деп аталған. Өйткені, жапондықтар джипті көліктің бір түрі деп ойлаған. Ал, шын мәнінде Jeep бренді де Chrysler компаниясына тиесілі болыпты.
  • Ленин қыс мезгілінде аң аулауға арнайы шынжыртабанды Роллс-Ройспен шығатын болған. Мұндай автомобиль революцияға дейін патша флотында қызмет еткен Адольф Кегресстен басталған екен. Ол Мерседес, Паккард және Руссо-Балта көліктерін осылай дайындатқан көрінеді.
  • Финляндиялықтар LADA Калина көлігін Lada 119 деп атайды. Өйткені, фин тілінен аударғанда «Калина» жарылыс, гүрілдеу, сықырлау және қағу деген мағыналарды білдіреді.
  • 2008 жылы 18 миллионнан астам адам тұратын Каирде 9-ақ бағдаршам болған.
  • Жол қозғалысының алғашқы ережелерін жасаған американдық Уильям Фелпс Эно ешқашан көлік жүргізбеген.

  • Оңтүстік Африкадағы Конституция адамдарға өміріне немесе мүлкіне төнетін қауіптен қорғанудың кез келген түріне рұқсат береді. Оның ішінде, автокөліктерді ұрыдан қорғау үшін тұзақ, мылтық, тіпті от атқыштар қолданыла береді.
  • Бірқатар Еуропа елдерінде «Жигули» көліктері күмәнді болып саналатын «жиголо» сөзіне ұқсас болғандықтан, «Лада» брендімен сатылып келеді.
  • Ішкі жану қозғалтқышы бар алғашқы көлікті 1885 жылы Карл Бенц жасаған.
  • 100 км/сағ. жылдамдықтан асқан алғашқы көлік электромобиль болыпты. Оны 1899 жылы бельгиялық жарыс жүргізушісі Камилл Женатци жасаған.

  • Қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған алғашқы көлікті 1959 жылы Volvo компаниясы өндірген.
  • Алғаш рет жаппай сұранысқа ие болып, 1908 жылдан 1927 жылға дейін сатылған көлік – Ford Model T көлігі. Оған дейін автомобильдер жеке-жеке жасалып, әртүрлі бағамен саудаланған.
  • Әлемдегі ең көп сатылған көлік – Фольксваген компаниясының «қоңыз көлігі». Нақтырақ айтсақ, бүкіл әлем бойынша 22 миллионнан астам «қоңыз» саудаланған.
  • Бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі автомобиль өндірушісі – Toyota болса, екінші орында General Motors, үшінші орында Volkswagen тұр.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


«БІЗДІҢ ЖОЛДАР НЕГЕ ТЕЗ БҰЗЫЛАДЫ?»: Қазақстанның жолдары жайлы СІЗ БІЛМЕЙТІН деректер


Күзден АМАН-ЕСЕН өтемін десеңіз, осы кеңестерге ҚҰЛАҚ ТҮРІҢІЗ