​ҮМЕге келген ҮНДЕМЕЙ ҚАЛМАЙДЫ

0
1 373

Үме дегеніміз не?


​ҮМЕге келген ҮНДЕМЕЙ ҚАЛМАЙДЫ

фото: zhaikpress.kz

Қазақтың ұмытылған салт-дәстүрлерінің қатарына «ҮМЕ» салты кіреді.

Үме дегеніміз не?

Үме – асар. Еліміздің кей жерлерінде, көбіне, маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас «үме» деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, т.б. көмектерін көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқандығы ел арасындағы «Үмеге келген үндемей қалмайды» деген секілді мақал сөздер айғақтайды. Үме дәстүрі қазақ халқының береке-бірлігінің куәсі іспеттес.

Дәстүр арқылы біз өзімізге имандылықты және мейірімділікті сіңіреміз және бір-бірімізге қамқорлық көрсетеміз. Бұл дәстүрдің асарлатып, көппен бірге көмек көрсетіп, қамқорлық танытуды сол арқылы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы мен мейірімділігін дәріптейтін дәстүр екенін ұғамыз.

Үлкен, ауыр, көлемді жұмыстарды ауыл, ру адамдары «бір жеңнен қол шығарып», бас қосып, көпшілік болып, бірігіп атқарады. Соның бірі – үме. Әсіресе, қысқа мал азығы үшін жемшөп дайындағанда мал иесі жігіттерді үмеге шақырады. Қарулы азаматтар бео орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі.
Қарулы азаматтар бел орақтарын шыңдап, қайрап іске кіріседі. 20-30 жігіт қатарласа тұрып орақ тартады. Бір күн ішінде бірнеше тонна шөп шабылып, әрі жиналып алынады. Үмеге ет асаймыз деген бала-шағалар да, көңіл көтеретін әнші, күйші, жыршылар да келіп өнер көрсетіп, жұрт бір серпіліп қалады.
Үме – ұжымдасқан еңбек тойы. Мұндай істен ауыл азаматтары ешқашан шет қалмайды.

фото: ulus.media

Бұлардың айтылуы мен іс жасауы басқа болғанымен мағынасы бір, үме шөп жинау қора тазалау, асар үй тіршілігіне.

Қазіргі таңда заманның талабы солай болды ма, үмеге шақыру дәстүрі, асарға шақыру ауылдың өзінде де өте сирек орындалады.

Ал біздің бала күнімізде асарлатып үй соғу белең алған үрдіс болатын. Сонда ауылдың іске жарамды жігіттерінің барлығы дерлік асарға шақырған үйден қалмайтын. Мұндай тірліктен қашу ер жігіт үшін намыс еді. Бір жағынан, еңбекпен шыңдала түссе, екінші жағынан, үй иесінің, көпшіліктің батасын алып, сол арқылы жолы ашылып, бауырмалдылығы, мейірімділігі, қиналған жанға қол ұшын созып, көме бергісі келіп тұратын нағыз ұлтжанды азамат болып қалыптасады. Көптің тілегін, батасын алған ұл ешқашан жаман болмайды. Сондықтан, ұлдарымызды көпшіл, қайсар әрі еңбексүйгіш жан етіп тәрбиелегіміз келсе, қазақтың осы ежелгі салтын қайта жаңғыртуда тұрған ешқандай әбестік жоқ деп ойлаймын.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«СЫБАҒА САҚТАУ» салты сапардағы жақыныңа тілекші болып тұрады


ҚАРАЛЫ ҮЙден дәм аларда ОЙЛАНЫҢЫЗ!