​3 күнде 3 келі салмақтан арылуға дайынсыз ба?

0
2 564

Сіздің салмақ тастай алмай жүргеніңізге көп болды ма? Егерде бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, мына диета сізге көмектесетініне сенуіңізге болады. Өйткені бұл диета арқылы сіз 3 күнде 3 келі салмақ тастайсыз. Ары қарай жалғастырар болсаңыз апта ішінде 6 келі артық салмақтан арыла аласыз. Тек тамақтану тәртібіне артық тағамды қосып қоймасаңыз болғаны. Емдәмді ұстанудағы ең басты шарт та осы екенін ұмытпау керек.

Диетаны бастамас бұрын мына аурулар сізде болмауы тиіс:

  • созылмалы аурулар;
  • асқазан жарасы, панкреатит, өт қабы аурулары;
  • соңғы бір апта аралығында тұмаумен ауырмаған болсаңыз және ота жасатпаған жағдайда диета ұстануыңызға болады;
  • жүктілік және бала емізу кезеңдерінде;
  • ағзаңызда гормондық бұзылыстар бар болса;
  • жүйке жүйеңіз қатты шаршаған болса, бұл диетаны қолданбауға кеңес береміз.

Себебі, үш күннің ішінде бірден салмақ тастау үшін денсаулықтың мықты әрі иммунитеттің күшті болуы маңызды.

Бірінші күн

Таңертең ашқарынға жарты литр газсыз су ішіңіз.

Таңғы ас: бір қасық бал немесе какао салынған бір стақан сүт.

Екінші таңғы ас: грейпфрут.

Түскі ас: 200 грамм қайнатылған тауықтың төс еті, балғын көкөністерден салат. Салатқа зәйтүн майын қосқан жөн.

Бесіндік ас: 250 мл майсыз йогурт.

Кешкі ас: көкөністерден жасалған сорпа (1,5 литр су, 1 пияз, 0,5 кг сәбіз бен 0,5 кг қызанақ, дәмдеуіштер). Осындай сорпадан қалағаныңызша ішсеңіз болады.

Ұйқыға жатарда: Бір стақан кефир.

Екінші күн

Таңертең ашқарынға жарты литр газсыз су ішіңіз.

Таңғы ас: бір стақан айран.

Екінші таңғы ас: 150 гр. майсыз сүзбе немесе 100 мл майсыз қаймақ.

Түскі ас: көкөністерден дайындалған сорпа.

Бесіндік ас: екі дана грейпфруттың шырыны.

Кешкі ас: 200 грамм пешке пісірілген балық немесе күркетауық еті, көкөністерден салат.

Үшінші күн

Таңертең ашқарынға жарты литр газсыз су ішіңіз.

Таңғы ас: бір қасық бал немесе какао салынған бір стақан сүт.

Түскі ас: 300 гр. көкөніс салаты, йогурт немесе кефир ішуге болады.

Кешкі ас: 300 гр. көкөніс салаты немесе 200 гр. буға пісірілген күркетауық еті.

Ескерту! Осы қағидаларды сақтағанда ғана сіз 3 күнде 3 келі салмақ тастауға қол жеткізесіз. Алайда бұл шарттарды орындамасаңыз, ешкімге реніш білдіре алмайсыз. Сондықтанда арықтауға арналған диетаны дұрыс ұстауға тырысыңыз. Бұл сіздің қолыңыздан келеді!

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ.