Шведтік диетологтың диетасымен салмағыңыз қардай ериді

0
8 333

Шведтік диетолог Анна Юханссонның ұзақ жыл «толғатып» құрастырған бұл диетасы тек физикалық ғана емес, психологиялық тұрғыда да салмақтан қиналмай құтылуға көмектеседі. Басқа диеталардан артықшылығы да осында!


Шведтік диетологтың диетасымен салмағыңыз қардай ериді

фото: geekorama.ru

Арықтататын түрлі дәрмекті қолданып, фитнес тренерден сабақ алып жүргеніңізге көп уақыт болса да таразы тілі кері қарай жылжымай жатыр ма? Бұның жауабын сізге Швецияның белгілі диетолог-дәрігері Анна Юханссон айтады.

Ол саналы өмірінің ұзақ жылын артық салмақты «ерітетін» вакцинаны іздеуге арнаған. Нәтижесінде, дұрыс тамақтану арқылы ғана семіздікті жеңуге болатынына көз жеткізген. Ағзаға ақуыз бен көмірсу алмасып түскен уақытта арықтау процесі де іске қосылатын көрінеді. Аннаның бұл «6 күлте жапырақ» деп аталатын диетасы бүгінде әлемдегі көп қыз-келіншектің сүйікті диетасына айналған.


Диета неге «6 күлте жапырақ» деп аталады?


Диетаның атауының ас құрамына қатысы жоқ. Қиын істі ойынға айналдырып, психологиялық тұрғыда жеңілдету мақсатында диета атауы «6 күлте жапырақ» деп аталған.


Анна Юханссон «Диетаға кіріспес бұрын өз қолыңызбен гүлдің күлтеше жапырақтарын жасаңыз» деп кеңес береді. «Ол үшін ақ парақты қиып, алты күлте жапырағы бар гүл жасаңыз да оны тоңазытқышқа жапсырып қойыңыз. Алты жапыраққа әр күні жейтін тағамдарды мынандай реттілікпен жазыңыз да әр күн аяқталғанда бір күлте жапырақты жыртып алып тастап отырасыз. Күлте жапырақтар азайған сайын салмағыңыздың да кеміп жатқанын сезіп, сеніп қуанатын боласыз» дейді.

1-күн: балық өнімдері күні (ақуыз)

2-күн: көкөністі күн (көмірсу)

3-күн: тауық етінің өнімдері күні (ақуыз)

4-күн: дәнді-дақылдар күні (көмірсу)

5-күн: сүзбе күні (ақуыз)

6-күн: жеміс-жидектер күні (көмірсу)

ЕСКЕРТУ: азықтардың орнын алмастыруға болмайды. Әр диетаға 1 күн арналады.


Қанша мөлшерде жеу керек?

1-күні балық жеуге рұқсат деп, қалағаныңызша жеуіңізге болмайды. Аннаның рұқсат еткен мөлшері бар. Ол мынандай:

АЗЫҚТАР

КӨЛЕМІ (грамм)

балық

500

көкөніс

1500

тауық еті

500

дәнді-дақыл

200

сүзбе

500

жеміс

1500

Кестеде піспеген кездегі салмағы көрсетілген. Мысалы, сұлы (дәнді-дақыл) суға қайнатпай тұрған кездегі салмағы.


Қанша литр су ішу керек?

Диета барысында күні бойы 1,5-2 литр су ішу керек. Қара шайға, көк шайға, бір мезгіл қантсыз, сүтсіз кофеге рұқсат. Сүзбелі күні айран ішуге болады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: консервілер, тәттілер (тосап, қант, шоколад), нан, сары май, өсімдік майы, алкогольді ішімдіктер, газды сусындар, қақталған және ысталған еттер, маринадталған көкөністер, фаст-фудтар, күріш, картоп, жүгері, банан, жүзім және кептірілген жемістер.


Қанша салмақтан құтылуға болады?


фото: sportfito.ru

Диетолгтар ассоциациясы Аннаның диетасын сынақтан өткізген. Сынақ барысында оны қолданғандар күн сайын шамамен 800 грамм салмақтан құтылып отырған.

6 күн диетаны ұстағандарды медициналық тексеруден өткізгенде кері әсері, әлсіздік, эмоциядағы өзгерістер байқалмаған. Керісінше, ағзадағы зат алмасу қызметі, қан айналым жақсарған.

Сонымен, егер бұл 6 күндік диетаны ұстасаңыз, қанша салмақ тастай аламын дейсіз бе? Бұл әр адам ағзасының «мінезіне» байланысты. Бірақ, күн сайын 500 грамнан кем салмақ тастамайтыныңызға кепілдік береді Анна Юнхансон. Ал диета диетаны ұстап көрген мен «Ережені қатаң ұстасаңыз, алты күнде 3-5 кг-нан біржолата құтыла аласыз» депсенімді түрде айта аламын.


Диетолог ескертеді: жүкті және емізулі әйелдерге, алты күнге арналған азықтарға аллергиясы бар адамдарға «6 күлте жапырақ» диетасын ұстауға болмайды. Ал, ас қорыту жолдарында сырқаты бар науқас диетаны ұстамас бұрын дәрігермен кеңескені дұрыс.

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ.

Тағы да оқыңыз:

«5 ас қасық» диетасымен 5 кг-нан құтылыңыз

ҚҰРМА + АЙРАН = күн сайын «-1 кг» жоғалтасыз!

Арықтау үшін ағзаға кальций керек