Ғалымдар бұл өлшемді теріске шығарды
фото: td3.mycdn.me
Ең керемет әрі мінсіз дене бітім өлшемі «90-60-90» деп ойлайсыз ба? Жоқ, Британ ғалымдары әдеміліктің алтын үлгісін теріске шығарып отыр. Олар қыздардың мінсіз бейнесі одан да көлемдірек болуы керек деп ойлайды.
фото: img.kupibonus.ru
Зерттеуші ғалым Ганс Ваалера нәзікжандылардың мінсіз бел өлшемі 80-85 см болуы керек деген шешімге келді. Өйткені тым арық болу әйел ағзасына зиянын тигізіп, гормондық бұзылыстарға апарып соқтыруы ғажап емес. Көлемнің соншалықты кішкентай болуының еш пайдасы жоқ дейді зерттеуші.
Сонымен қатар, ғалымдар әйелдердің белінің өлшемі бойының ұзындығының 50 пайызынан асып кетпеуі керектігін ескертеді.
Бұдан бұрын ғалымдар толықтықтың да адам өмірін ұзартатыны дәлелдеген болатын. Тек артық салмақ 7 келіден аспаса болғаны. Сонымен қатар, тірсегі-тірсегіне тиген арық бойжеткендердің жеке өміріне қарағанда толық қыздардың өмірі рет-ретімен өрбитіні анықталған. Алайда, шамадан тыс семірудің денсаулыққа зиянды екенін де жасыра алмаймыз.
Мысалы, семіздіктің әсерінен адам жүрек аурулары мен қант диабетіне шалдығады. Сол себепті де салмақтың да нормаға сәйкес болғаны дұрыс.
Шетел басылыманан дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,