Бөксені қалыпқа келтіретін жаттығулар

0
10 889

Әйелдердің сұлулығын арттырып, мүсінін тартымды ете түсетін мүшелерінің бірі бөксе екені белгілі. "Бөкселі әйелдер «туғыш» келеді" деген де сөз бар ел арасында. Сондықтан да болар, ер-азаматтар осындай қыз-келіншектерге құмартып тұрады.


Бөксені қалыпқа келтіретін жаттығулар

фото: img.ohmirevista.com

Бөксені қалыпқа келтірмес бұрын, әйелдердің осы бір әдемі әрі ерекше мүшесі жайындағы біраз зерттеулерге, айтылған пікірлерге тоқталып өтейік.

Біріншіден, бөксе бұлшықеттері адам денесіндегі ең мықты бұлшықет болып табылады. Сонымен қатар, Оксфорд университетінің ғалымдары бөксесі үлкен әйелдер ақылдырақ болады деген тұжырым жасаған. Олардың айтуынша бөкселілерде мидың жұмысын жақсартатын омега-3 майлы қышқылы көп болатын көрінеді. Бұдан бөлек, бөкселі әйелдер ауыр сырқаттарға шалдықпайды әрі қант диабеті, жүрек аурулары оларды мазаламайды деген зерттеу нәтижелері де бар.

Өздеріңіз байқағандай бөкселі әйелдердің осындай артықшылықтары көп.

Ендеше бөксені қалыпқа келтіретін кеңестерге, жаттығуларға назар аударып көріңіз.

Кез келген бөксені жаттығумен өте тартымды етуге болады. Бірақ та мұндай жаттығуларды бөксенің формасына қарай таңдай білу керек. Сіз де суреттерге қарап, қайсысына жақын келетініңізді қарап көріңіз. Содан соң жаттығуларға кірісе берсеңіз болады.


«Төртбұрыш»

фото: monitorfm.ru

Бұл форма иелері көбінесе өз сымбатына көңілдері толмайды. Дегенмен, дәрігерлер мұндай қыз-келіншектердің денсаулығы мықты әрі кез келген стреске төтеп бере алатын мықты иммунитеті болатынын айтып өткен. Егер «төртбұрышты» пішінге ұқсайтын бөксеңіз өзіңізге ұнама оны дөңгелек қалыпқа келтіре аласыз. Ол үшін мына жаттығуларды күн сайын жасау керек:

Быр қырындап жатып, денені бір сызықтың бойында ұстаңыз. Аяқтың алға қарай шығып кетпегені дұрыс. Содан соң үстіңгі аяқты жорғарыға 10 рет көтересіз. Осылайша екінші ақпен жаттығуды жалғастырыңыз.

Енді қолыңызға 1-2 келі шығатын гантель алып, Оң қолды жоғары көтеріңіз де, сол қолды төмен түсіріп, бір жаныңызға қарай қисайыңыз. Артынша жаттығуды екінші сол қолды көтеріп жалғастырасыз.


«Дөңгелек»


фото: 3.bp.blogspot.com

Бөксесі дөп-дөңгелек қыз-келіншектерді еркектердің көзіне бірден түседі. Олар мұндай бөкселерімен мақтанып, әдеміліктерін жасырып қалуға тырыспайды. Өйткені «дөңгелек» пішінді бөксе иелері өте сексуалды көрінеді екен. Дегенмен бұл форманы сақтап қалу үшін де жаттығулармен шұғылданған дұрыс.

«Мостик» жаттығуы. Мостикке тұра алмасаңыз, үйдегілерді көмекке шақырыңыз. Сөйтіп таңертең және кешкілік уақытта мостикке тұруға әдеттеніңіз.

Келесі жаттығуда қолыңызға гантель алып, оң аяқты бір қадам алға шығарыңыз. Ал, сол аяқты артқа қарай қоясыз. Осы қалыппен отырып, тұру жаттығуын жасайсыз. Жаттығу бьарысында денені тік ұстауға тырысыңыз.


«Жүрек»


«Дөңгелек» пішінді бөксеге қарағанда өте тартымды әрі сексуалды бөксе саналады екен. Бірақ, уақыт өте келе бөксе бұлшықеттері босап, салбырай бастайтын көрінеді. Сол себепті де осындай келеңсіздіктің алдын алу үшін, мынадлай жаттығуларды жасаған жөн:

Орныңыздан тік тұрып, отыруға тырысыңыз. Орындыққа отыратындай қалыпқа жеткен кезде қайта тұрасыз. Жаттығуды 20 рет қайталау керек. Тек арқаны тік ұстап, жаттығуды дұрыс орындау маңызды.

Енді жартылай мостик жасайсыз. Еденге жатып, тізені бүгіңіз. Осы қалыппен бөксені барынша жоғарыға көтересіз. Жаттығу кезінде иықты көтеруге болмайды. 25 рет бөксені көтерген жеткілікті.


«V» пішіндес бөксе

фото: blogspot.com

Суреттен байқағандарыңыздай, бұл формадағы бөкселерде бұлшықет массасының аздығы бірден байқалады. Сонымен қатар, өте тартымсыз көрінеді. Бірақ та, мұндай бөксені қалыпқа келтірудің еш қиындығы жоқ.

Ендеше, мынадай жаттығуларды жасап көріңіз:

Жай қимылмен отырып-тұрасыз. Аяқтың арасын қаттырақ ашып, барынша отырасыз. Содан соң сол қалыпта 10 секундтай тұрып қалуды ұмытпаңыз. Ал, жаттығу мейлінше жай орындалуы тиіс. Сонда ғана нәтижесін байқауға болады.

Екінші жаттығу. Оң аяқты алға қарай қойып, сол аяқты артқа созасыз да, барынша отыруға тырысыңыз. Екі жаттығу 15 минут жасалады.

Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Өмір бойы салмақ қосуға жол бермейтін диета

Арықтау үшін шайды немен ішу керектігін білесіз бе?