13 адам қаза тапқан алматылық хостелдегі өрт: іс сотқа түсті

0
299

13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке байланысты екі адам сот алдында жауап береді.


13 адам қаза тапқан алматылық хостелдегі өрт: іс сотқа түсті

ERNUR.KZ. Алматыда 13 адам қаза тапқан жатақханадағы өртке қатысты сот отырысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Материалдар сотқа түсіп, тіркеуден өткенімен, әлі өндіріске қабылданбағаны хабарланды. Сот процесі Алмалы аудандық сотында өтуі мүмкін.

13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке байланысты екі адам сот алдында жауап береді. Олардың аты-жөні әлі жарияланған жоқ.

Еске салайық, 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шыққаны хабарланды. 13 адам қаза тапқан.