1,3 млн адамның несиесі уақытша тоқтатылды

0
639

Төтенше жағдай кезеңі басталған сәттен бастап 1,5 млн қазақстандық несиелік төлемдерді тоқтата тұруға өтініш берген.


1,3 млн адамның несиесі уақытша тоқтатылды

ERNUR.KZ. Коронавируске байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде халық пен бизнеске қолдау көрсету жөніндегі шаралардың орындалуына мониторинг жасап отырған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 1,3 миллионнан астам борышкердің төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы өтініші мақұлданғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 60-қа жуық кәсіпкердің жеңілдікпен несие алуға берген өтініші де мақұлданған.

«14 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерге және өзге кредиттік ұйымдарға қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлемдерді тоқтата тұруға 1 518 071 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 1 505 960 жеке тұлға банк қарызының төлемдері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға өтінім берді. 12 111 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік ұйымдарға төтенше жағдай кезеңінде кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш берді. Оның ішінде 1 350 529 борышкердің өтініші мақұлданды. Қалған өтінімдер қаралып жатыр және 10 жұмыс күнінің ішінде тиісті шешімдер қабылданатын болады», – деп жазады агенттіктің баспасөз қызметі.