​19 жастағы Мәдина Батық "Қазақстан аруы" атанды

0
1 900

Биыл "Қазақстан аруы" тәжі үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 32 қыз бақ сынады.


​19 жастағы Мәдина Батық

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда еліміздің ең сұлу қызы таңдалды. "Қазақстан аруы 2019" титулын павлодарлық Мәдина Батық жеңіп алды, деп жазады Sputnik Қазақстан .

"Қазақстан аруы 2019" сұлулық байқауының жеңімпазы Мәдина Батық

Сұлулық байқауының финалы бүгін, 2 мамырда Nomad City Hall концерт залында өтті.

"Қазақстан аруы" байқауының финалистері

Конкурс барысында жеңімпазға қымбат бағалы тастармен, інжумен безендірілген тәж кигізіліп, үш миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. Сондай-ақ бойжеткен жоғары сапалы брендтермен көптеген жарнамалық келісімшарт, Парижге жолдама және еліміздің атынан "Әлем ару" байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

"Қазақстан аруы" байқауының финалистері

Айта кетейік, конкурс ашық болуы үшін әділ-қазылар бес финалисті іріктеп алды, ал елдің бірінші аруын онлайн және sms-дауыс беру арқылы қазақстандықтардың өздері таңдады.

Сонымен бестікке Диана Әбішева (Алматы), Сәния Мірғалиева (Нұр-Сұлтан), Мәдина Батық (Павлодар), Надежда Недосекова (Семей), Балжанат Анас (Шымкент) енді.

"Туризм аруы 2019"

"Туризм аруы" номинациясының жеңімпазы Балажан Анас

Халықтық дауыс беру қорытындысы бойынша Диана Әбішева бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс титулын Надежда Недосекова иеленсе, үшінші вице-мисс титулы Сәния Мірғалиеваға бұйырды.

Биыл XXII ұлттық сұлулық байқауы жаңа форматта өтті. Қатысушылардың әрқайсы финал алдында өзінің туған өлкесі туралы видеоролик түсірді.

Сонымен, өз өңірін үздік таныстырғаны үшін "Туризм аруы 2019" титулы шымкенттік Балажан Анасқа берілді. Ол енді бір жыл бойы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының бет-бейнесі болады.