19 жастағы студент сәбиін 700 мың теңгеге сатпақшы

0
1 775

19 жастағы студент байқаусызда жүкті боп қалып, енді әлі дүниеге келмеген сәбиін сатпақшы. Бұл туралы«NewTimes.kz» порталына сілтеме жасап sn.kz жазды.


19 жастағы студент сәбиін 700 мың теңгеге сатпақшы

19 жастағы студент байқаусызда жүкті боп қалып, енді әлі дүниеге келмеген сәбиін сатпақшы. Бұл туралы«NewTimes.kz» порталына сілтеме жасап sn.kz жазды.

«Мен жүктіліктің жетінші айындамын. Өзімнің сәбиім үшін ата-ана іздеймін. Ешқандай проблема болмайды, нотариус арқылы құжат рәсімдеп, баладан бас тартамын. Мен студентпін, баланы асырай алмаймын. Ол ұл бала. Денсаулығы жақсы. Басты талабым — молшылықта, махаббатта өмір сүрсе жеткілікті», — делінген аталған жарнаманың мәтінінде.

«NewTimes.kz» тілшісі клиент ретінде аталған бойжеткенмен хабарласып, оның жағдайынан толықтай хабардар болды. Қыздың есімі Мөлдір, жасы 19-да. Алматы қаласында тұрады екен.

Өзінің айтуынша, оны жүкті қылған жігіт үйленуден де, баладан да бірден бас тартыпты. Күйзеліске түскен өрімдей қыз мұнан кейін баланы сатуға шешім шығарған.

«Мен студентпін, келер жылы да оқуымды жалғастырғым келеді. Маған бұл бала керек емес. Өзіме алып қалсам ертең туған-туыстардың, таныстардың алдында қарабет боламын. Сондықтан, сәбиді сатып жатырмын...

...Мен баланы сатпаймын. Тек оған жақсы ата-ана тапқым келеді. Олар менің босануыма кететін шығынымды, үш айлық пәтерімнің ақысын, ас-ауқатымды төлеп беруі керек. Бұл шамамен 700 мың теңгені құрайды. Қазір әпкемнің үйінде тұрып жатырмын. Бұдан әрі онымен бірге тұра алмаймын. Егер өзге қалаға көшу керек болса оған да дайынмын», ― дейді Мөлдір.

Оның айтуынша, бүгінге дейін 5 ата-ана хабарласып, түрлі ұсыныстарын айтқан. Арасында Ресей азаматтары да бар екен. Олар бойжеткенге қомақты қаражат ұсынған. Қазір Мөлдір баласын кімге беретінін ойланып жатқан көрінеді.

Заңгерлер болса бұл оқиға екі түрлі желімен өрбуі мүмкін екенін айтып отыр. Алғашқысы - қылмыстық жауапкершілік. Мөлдір баласын сатқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 133-бабы бойынша сотталуы мүмкін. Екіншісі - баладан заңды түрде бас тартып, ақысыз өзге отбасына беруі керек.