"20 млн қарызға кірдім": Қостанай облысында ер адам үшінші қабаттан құлап кетті (видео)

0
1 409

Ер азамат оған дейін анасынан қаржылық мәселелерге байланысты кешірім сұрапты.


ERNUR.KZ. Қостанай облысының Лисаковск қаласында ер адам тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті деп жазады kaz.nur.kz.

Оқыс оқиға 19 мамыр күні қаланың 4 ықшам ауданында болған.

Лисаковск тұрғыны бес қабатты тұрғын үйдің балконынан төмен қарай түспекші болған. Бірақ ол үшінші қабатқа жеткенде құлап кеткен.

Ер азамат оған дейін анасынан қаржылық мәселелерге байланысты кешірім сұрапты.

"Мама, барлығы үшін мені кешір", - деді ол.

Төменде тұрған әйел адамның "секірме" деген өтінішіне: "Қалай түсінбейсіз мен 20 миллион қарызға кіріп кеттім", - деп жауап қайырған.

Қазіргі таңда 1986 жылғы ер азамат Лисаковск қалалық ауруханасының хурургиялық бөлімінде жатыр.

Оның жағдайы туралы ақпарат медициналық мекемеден әзірге берілмеді.